«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Астананың Алматы ауданында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысып, өз аудандарын тазарту мен көркейтуге үлес қосты. Қатысушылар бірлесіп, аулаларды, жасыл аймақтарды, көпқабатты үйлердің маңайын және қоғамдық кеңістіктерді тазалады.
Ерекше назар жаяу жүргіншілер көп жүретін аймақтарға – саябақтар, скверлер мен көпқабатты үйлердің аулаларына аударылды.
Нәтижесінде ондаған қап тұрмыстық қоқыс жиналып, бордюрлер мен көгалдар тазартылды.
Акцияның басты мақсаты – тек аумақты тазалау емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Бұл бастама тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің бірлесе жұмыс істеуінің арқасында қаланың келбетін жақсартуға болатындығын көрсетті.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1088404?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ