Жеткіншек тәрбиесі: Жауапкершілік кімде?

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қызылорда облыстық дін зерттеу орталығының теолог мамандары өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесулер өткізді. Кездесудің мақсаты отбасы институтын қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ жасөспірімдердің экстремисттік діни ағымдарға еріп кетпеуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, бала тәрбиесі аса маңызды екендігін басты назарға ала отырып, тұрғындарға төмендегідей ақпараттар таратылды.
Қазіргі қоғамда жастардың теріс жолға түсіп кету жағдайлары жиілеп барады. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі – отбасындағы тәрбиенің әлсіреуі мен ата-ананың бақылауының аздығы. Қазақстанда 2023 жылы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, экстремисттік діни ағымдарға тартылған жастардың 70%-ы толық емес немесе әлеуметтік қолдауы төмен отбасылардан шыққандар. Көп жағдайда ата-аналар «баламның қарны тоқ, киімі бүтін, қалтасында смартфоны бар» деп материалдық қамқорлықты жеткілікті көреді. Алайда бала жан дүниесіне – рухани тәрбие мен моральдық бағытқа да зәру. Үйде адал мен арамның, жақсы мен жаманның аражігі ажыратылмаса, бала өскенде көкейіндегі сұрақтарға дұрыс жауапты сырттан іздейді. Сол кезде олар теріс бағыттағы топтардың тұзағына оңай түсіп қалуы мүмкін.
Осы ақпарат негізінде тұрғындар жеткіншек тәрбиесін басты назарға алуы тиіс екендігін түсіне отырып, өз пікірлерін білдірді.

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК
аппаратының негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1087147?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version