Түзеу мекемелеріндегі оңалту жұмыстарына мониторинг жүргізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шымкент қаласы терроризмге қарсы комиссиясының жанындағы жұмыс тобымен (ҰҚКД, Әкімдік, Дін істері басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, «ДМЗО» КММ, «Ақниет» ҚҚ, ҚМДБ өкілдері) жергілікті қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 5 түзеу мекемелерінде жалпы діни ахуалдың жай-күйіне және жазасын өтеуші азаматтарды дерадикалдандыру жұмыстарына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында жұмысшы топ мүшелері түзеу мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының діни экстремизм мен терроризмді насихаттау, тарату баптарымен сотталғандарды оңалту үшін өткізілетін жеке кездесуге тікелей қатысып, теолог-мамандарының жұмысына баға берілді.
Профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологтары мен имамдарды сотталушылармен өтетін кездесу санын жиілету қажеттігі атап өтілді.
Жоғарыда аталғандардан басқа, түзеу мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде психологтардың қатысу белсенділігі жоғары екендігі байқалды.

Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1087159?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version