
Қызылорда облыстық Жастар ресурстық ресурстық орталығында Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Шет елдерде заңсыз діни білім алу қауіпі” тақыбырында қала жастарымен кездесу өткізілді.
Тақырыптың өзектілігі- шетелге барып, күмәнді жерлерден білім іздеп, діни эктремисттік ағымдардың жетегіне түскен ҚР тұрғындарын мысалға ала отырып, олардың қаншалықты адамдар арасында адасуларға әкелгендері туралы сөз етілді. Осылайша, осындай күмәнді білім алушылардың дұрыс таңдау жасауын, діни тұрғыда сұрақтарына тек ҚМДБ өкілдерінен алу қажеттілігі түсіндірді.
Діни экстремисттік ағымдардың басты қаупі –дінді емес, экстремисттік және террористтік әрекеттерді дәріптейді. Олар ислам дінінің шынайы мазмұнын бұрмалап, адамдарды қоғамнан оқшаулауға, мемлекетке қарсы шығуға, дәстүрге қарсы келуге үйретеді.
Демек, шетелге барып, күмәнді жерлерден білім іздеуге ешқандай негіз жоқ. Қалаған адам – ел ішінде-ақ, терең де дәстүрлі білім ала алады. Алайда, дінге енді бет бұрып келе жатқан кейбір жастар «шетелден білім алу – мәртебе» деген ескі түсініктен арыла алмай жүр.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК
аппаратының негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1087137?lang=kk

Добавить комментарий