
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Алматыда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы радикалды экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара балалар шығармашылығы орталығында ұйымдастырылды. Семинарға 300-ден астам адам қатысты, олардың қатарында қала және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ мектептер мен колледждердің директор орынбасарлары болды.
Семинарға қатысқан ҰҚК мен Полиция департаменттерінің қызметкері білім беру ұйымдарындағы діни сипаттағы қауіптердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ оқушылар арасындағы радикалды ағымдарға бейімділіктің алғашқы белгілерін анықтау, деструктивті ықпалға түскен жасөспірімдерді ерте кезеңде анықтау тәсілдерін түсіндірді.
Семинар барысында қатысушылар:
⦁ дәстүрлі емес діни ағымдардың негізгі белгілерімен,
⦁ оларға түсу қаупі бар жасөспірімдерді анықтау әдістерімен,
⦁ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларымен танысты.
Білім саласының өкілдері мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы мен діни қатынастар саласындағы радикализмге мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі білім саласында атқарылған жұмыстары үшін алғыс хатпен марапатталды.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1087134?lang=kk

Добавить комментарий