Тәуелсіз елдің тұғыры

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

 Тәуелсіз елдің тұғыры

 Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тарихи құжат. Бұл – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, адам құқықтары мен бостандықтарын, заң үстемдігін қамтамасыз еткен мемлекеттілігіміздің берік іргетасы.

Өткен 30 жылда Ата Заңымыздың арқасында еліміз демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, әлемдік қауымдастықта лайықты орнын алды. Конституцияда белгіленген қағидаттар мен құндылықтар бүгінгі күні де дамудың басты бағдаршамы болып отыр.

Ауданымыздың әрбір азаматы еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Бұл – баршамыздың ортақ жетістігіміз, ортақ мақтанышымыз.

Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ел мүддесі жолындағы игі істеріміз табысты болсын!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы құтты болсын!

 

Құрметпен,  аудан әкімі  НҰРБОЛ ЖҮНІСБЕКОВ.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1059517?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *