Батыс өңірлері арасында тұңғыш рет Маңғыстау облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын орталық ашылды.

Опубликовано:

Автор:

в категории

28 тамыз күні Ақтау қаласында Батыс Қазақстандағы тұңғыш рет позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Жаңа орталық қатерлі ісік сияқты күрделі аурулардың рецидивін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы медициналық қызметті тұрғындарға қолжетімді етпек.

Бұған дейін Маңғыстау облысы мен көршілес өңірлердің тұрғындары ПЭТ/КТ зерттеуінен өту үшін Астана немесе Алматы қалаларына баруға мәжбүр болатын. Ақтаудағы орталықтың ашылуы уақыт пен шығынды үнемдеуге, әрі жасанды интеллекттің көмегімен заманауи диагностикаға жасауға мүмкіндік береді.

Орталық жылына 2000-нан астам зерттеу жүргізіп, 25 жаңа жұмыс орнын құрады. Ашылған алғашқы күннің өзінде бірнеше пациент ПЭТ/КТ зерттеуінен өтті. Медициналық жабдықтар Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан жеткізілген.

Жоба Orhun Medical компаниясы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Оған себеп, 2024 жылдың 4 желтоқсанында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Orhun Medical» ЖШС-нің бас директоры Дирик Гёненчпен арнайы кездесіп, Маңғыстау тұрғындарының шетелде емделуге жұмсайтын шығындарын азайту және ел ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи онкологиялық орталық ашу және қызметкерлерді оқыту бойынша уағдаласқан болатын.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ПЭТ/КТ орталығының ашылуын Мемлекет басшысының тапсырмасына сай аймақтарда жоғары технологиялы медициналық көмекті дамытудың маңызды қадамы деп атап өтті.

–Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән беріп келеді. Батыс Қазақстан бойынша алғашқы рет біздің облыста қатерлі ісік секілді ауруларды ерте анықтайтын орталық ашылуда. Енді біздің тұрғындар алысқа сабылмай, осында толыққанды тексеруден өте алады. Ерте диагностика қолжетімді болған сайын, дерттің асқынған түрлерін анықтау көрсеткіші де төмендейді. Осы орайда, жобаға қолдау көрсеткен Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне алғыс білдіреміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

 

 

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1059135?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *