
Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Департамент басшысы Дәулетова Ғалия Ногайқызы 2025 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасады.
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2025 жылдың 8 айында 157 мемлекеттік бақылау шаралары өтті (97 мемлекеттік аттестаттау, 49 қайта мемлекеттік аттестаттау, 11 рұқсаттық бақылау жүргізілді). Мемлекеттік аттестаттау 2025 жылы 97 мектепке дейінгі білім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 17 (17,7%) білім беру ұйымы бірінші реттен аттестатталды, 79 (82,3%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 8 жеке меншік балабақша жабылды.
Департамент “Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі” КММ, “Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі” КММ жоспарлы тексеру жүргізді. Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда белгіленген 20 бағыт бойынша жүргізілді, оның ішінде бірнеше бағыт бойынша бұзушылықтар анықталып, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қалпына келтіруге уақыт берілді.
Мемлекеттік бақылау қорытындысымен біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін 1 мемлекеттік балабақша, 3 бастауыш мектеп өз жұмыстарын тоқтатып, жабылды. 9 балабақша реестрден шығарылды, 3 бастауыш мектептің лицензиясын қайтару бойынша жұмыс жасалып жатыр.
Департаменттің 2024-2025 оқу жылында жүргізген мемлекеттік бақылау шаралары мен мониторинг қорытындысы бойынша білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін, тиімсіз, білім сапасы өте төмен білім беру ұйымдарын жабу нәтижесінде жергілікті атқарушы орган 1 жылда 1 млрд теңгеге дейін қаржы үнемдеді.
Өңірімізде ашылған барлық жайлы – келешек мектептерге лицензиялар берілді.
Департаментпен 2025 жылдың соңына дейін 52 мектепке мемлекеттік аттестаттау жұмыстары, 20 балабақшаға қайта аттестаттау, 4 мектепке талаптарға сәйкестікті тексеру жүргізу және қазан айына “Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекетік мекемесіне жоспарлы тексеру жүргізу белгіленген. Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда айқындалған 29 бағыт бойынша өткізіледі.
Жеке мектептер бойынша: 3 мектепке мемлекеттік аттестаттау жұмыстары, 1 мектепке талаптарға сәйкестікті тексеру жүргізу қазан-қараша айларына жоспарланған. Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша жекеменшік мектептердің 25%-ы жалға алынған ғимараттарда орналасқан. Бұл – қауіпсіздік пен инфрақұрылым тұрғысынан тәуекел болып табылады. Министрлік лицензиялық талаптарға өзгеріс енгізіп, жалдамалы ғимараттарда мектеп ашуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Мемлекет сапалы білім беретін, білім саласында заңнама талаптарын сақтайтын және балалардың мүддесін басты орынға қоятын жеке мектептерді ғана қолдауды жалғастыратын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1056406?lang=kk
Добавить комментарий