Шымкент қаласында «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың қалалық Тамыз кеңесінің техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтеріне арналған панелдік секциясы өтті. Іс-шара М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ұйымдастырылды.
Кеңеске 300-ден астам педагог пен сала мамандары қатысты. Пленарлық отырыста Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы Қасымова құттықтау сөз сөйлеп, білім саласын дамытудағы басымдықтарға тоқталды.
Конференция аясында төрт панелдік сессия өткізілді. Онда тәрбие мен оқу үдерісін ұйымдастыру, тәжірибелік және әдістемелік жұмыстарға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды.
Кеңес қорытындысында барлық секциялардан ұсыныстар жинақталып, алдағы оқу жылына арналған ортақ шешімдер қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1055972?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ