Алматы құтқарушылары қаланың ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі – «Aport Mall East» СОО-да ақпараттық-оқыту іс – шарасын өткізді.
Демалыс күндері, сауда орталығында келушілер саны ерекше көп болатын кезде, құтқарушылар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерін түсіндіруге ерекше көңіл бөледі.
Іс-шара барысында келушілер мен нысан қызметкерлеріне табиғи апаттың ықтимал салдарын және осындай жағдайда әрекет ету алгоритмін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік беретін жер сілкінісі макеті ұсынылды. Сондай-ақ, мамандар арнайы манекенді пайдалана отырып, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәртібін көрсетіп, практикалық дағдыларды пысықтады.
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1056150?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ