
«Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында Шолаққорған ауылында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Ауыл аумағында арнайы бөлінген 5 секторға жауапты мекемелер тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. Шара барысында саябақтар мен ішкі көшелер ретке келтіріліп, «Шымкент–Созақ» және «Шолаққорған–Түркістан» бағытындағы үлкен жолдар мен айналма жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қамтылды.
Сенбілікке 500-ден астам бюджеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты. Жұмысқа 7 техника тартылып, нәтижесінде 19 шақырым көше мен 7 шақырым аяқжол тазартылды. Қорытындысында 11 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1055572?lang=kk
Добавить комментарий