Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі О.Жубатова Жаңаарқа аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесу мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша ұйымдастырылды. О.Жубатова мемлекеттік қызметшінің адамгершілік мәніне, оның мемлекеттік қызметшілермен, азаматтық қоғаммен қарым-қатынасының сипатына қойылатын моральдық талаптарды білдіретін негізгі қағидаттарды, ережелер мен нормаларды сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Борышқа адалдықты, жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындауды, атқарушылық тәртіпті мүлтіксіз сақтауды, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңыздылығын баса атап өтті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-ulytau/press/news/details/1055432?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ