Республикалық айтыс “құрмет саған, құрылысшы!»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көкшетау қаласында «Құрмет саған, құрылысшы!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты – елді мекендер мен қалаларды көркейтуге, абаттандыруға зор үлес қосып жүрген құрылысшылардың ерен еңбегін насихаттау және жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар қаланың сәулет өнеріндегі жетістіктерімен танысты: жаңа шағынаудандар, Копа көлі жағалауы, амфитеатрлар, саябақтар мен демалыс орындары.

Түстен кейін айтыс басталды. Облыс әкімі Мұрат Ахметжанов құттықтау сөзінде айтыстың – халық даналығы мен ұрпақтар сабақтастығының символы екенін атап өтіп, ақындарға жарқын өнер мен шабыт тіледі.

Сахна төріне еліміздің әр өңірінен келген ең үздік 10 ақын шықты. Айтысты танымал ақын Аманжол Әлтаев жүргізіп, айтыстың – тек сөз өнері ғана емес, еңбекті құрметтеу мен ұлт бірлігіне бастар жол екенін айтты.

Жеребе тартудан кейін қызықты дода басталды. Айтыс барысында ақындар суырыпсалмалық шеберлігін, сөздің әсерлілігі мен қазақ поэзия дәстүрінің байлығын көрсетті. Көрермендер тапқыр да өткір жолдарға ерекше қошемет білдіріп, айтыскерлерді қолдап отырды.

Үш сағатқа созылған ақындар айтысында Шымкент қаласынан келген Даурен Аксақалов поэзиялық турнирдің гран-при жүлдесін иеленді. Көкшетаулық Мұхаммед Конқаев екінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталды.

Айтыс тек байқау ғана емес, қазақ мәдениеті мен еңбекке деген құрметтің нағыз мерекесіне айналды!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1052394?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version