«Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби сазды кеш өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Сайрам аудандық орталық кітапханаcында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби сазды кеш өтті. Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен шарада «Абай-ұлттық самғаудың бағдаршамы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, «Бала Абай» сахналық көрінісі қойылды.
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Р.Муздыбеков кешті ашса, ауданымыздағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы – А.Қабылбеков, Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» – Ә.Байназаров, аудандық «Қоғамдық келісім» филиалының басшысы – Б.Айтбаевтар ақынның туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, ізгілікке жетелейтіні жайлы сөз қозғады. «Жастар орталығы» директорының орынбасары А.Бағдат «Мәңгілік тұлға – ұлы Абай» атты баяндама оқыса, кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар ақынның тағылымы мен тәрбиелік мәні терең қарасөздерін, жүрек шерімен жазылған өлеңдерін оқыды. Абай қазақтың музыка дәстүрінде өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты әндер шығарған. Табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындылары – «Мен бір жұмбақ адаммын», «Желсіз түнде жарық ай» әндері әуелете шырқалды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1047653?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *