Ақпараттық кеңістікте жұмыс жүргізу тәртібі бойынша практикалық семинар өтті.
Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар талқыланды: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, интернет кеңістігіндегі теріс ақпаратқа қарсы іс-қимыл әдістері. Материал дайындап және «Контр» ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі, мақсатты аудиториямен жұмыс жүргізу тетіктері, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімді тәсілдері, әлеуметтік парақшаларды кәсіби жүргізу шеберліктері.
Шараға қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандар және дін саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Бұл басқосудың мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті нығайтып, қоғамда тұрақтылықты сақтауға үлес қосу.
Материал БҚО Әкімдігінің ТҚК жұмыс бөлімінің мәліметтері негізінде дайындалған
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050076?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ