Биыл Ұлы Абайдың туғанына – 180 жыл. Мерейлі дата бүгінде республика көлемінде кеңінен тойлануда. Хәкім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, рухы көрініс тауып келеді. Жалпы қазақ халқы үшін бұл үлкен атаулы мереке. Әлемге танымал бас ақынымыздың еңбегін халық, ел болып ұлықтау мемлекетіміздің мерейін арттырады. Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Бүгін облыс орталығында орналасқан бабамыздың еңселі ескерткіші сүйікті қаламыздың көркіне көрік қосып, аға буын мен жас ұрпақтың бас қосатын орталығына айналды. Бұл – Абайдың сөзі мен ісін бейнелейтін ақынның тектілігін танытатын керемет туынды. Ұлы ойшылдың асыл мұрасын ардақтау және жан-жақты дәріптеу баршамыздың міндетіміз.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-karzhy/press/news/details/1049452?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ