ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

7 тамыз күні, Шымкент қаласының мәслихатынан құрылған уақытша комиссия қаланың жылу маусымына дайындық шараларына зерделеу жүргізді. Мәслихат төрағасы Б. Нарымбетов, депутаттар Т. Айтбаев, М. Қонақбаев, Б. Позилов, А. Молдабек бірқатар сала басшыларымен бірлесіп жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарымен танысты.
Нысандарды аралау барысында Әкімшілік іскерлік орталығындағы қуаттылығы 160Гкал жылыту қазандықтары, Күншығыс ш/а № 24 үйдің аумағындағы жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарымен, № 16 ш/а № 41 үйдің жылу жүйелерін жаңғырту және «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді.
Б. Нарымбетов пен комиссия мүшелері нысандарды аралау барысында бірқатар сын ескертпелер айтып, жұмыстарды мерзімінде, сапалы аяқталуын жіті бақылауды ескертті.
Жылу маусымына дайындық шаралары депутаттардың назарында болып, бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1051027?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *