Абай ауданында жедел басқару орталығы ашылды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін Абай аудандық полиция басқармасында жаңа жедел басқару орталығы өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Өңір басшысына Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов орталықтың мүмкіндіктерін таныстырып, алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі таңда жедел басқару орталығына Абай ауданында орнатылған 2571 бейнебақылау камерасының 1119-ы қосылған. Оның ішінде 156 камера қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпті бақылайды, ал 963 камера аудандағы 49 білім беру мекемелері мен балабақшалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Кездесу барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталықтың қамту аясын кеңейтіп, Абай ауданына жақын ауылдардағы бейнебақылау камераларын да қосу қажеттігін атап өтті. – Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес және облыс әкімдігінің қолдауымен шағын қалаларда жедел басқару орталықтарын ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Абай ауданында орталық іске қосылса, осындай нысандар Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Саран және Осакаров ауданында да ашылатын болады. Бұл, ең алдымен, өңірде заң мен тәртіптің сақталуына, қылмыстың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге зор мүмкіндік береді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов. Жаңа орталықта полиция қызметкерлері тәулік бойы ауданның тыныштығын қадағалап, жедел әрекет ету шараларын жүзеге асырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1051853?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *