Аудан әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан аудан тұрғындары мемлекет тарапынан тұрғын үй алуға байланысты, жұмыссыздық және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.

Айтылған мәселелер бақылауда болатынын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1048520?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version