Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай публицист Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлының қатысуымен өткізілген іс-шара

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 8 тамызында Ұлы ғалым, ағартушы, этнограф, тарихшы және географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай Тексеру комиссиясында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға танымал публицист, қоғам қайраткері Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлы арнайы шақырылып, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Азамат Бақтыбайұлы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы жайлы тың мәліметтер ұсынып, оның қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі жайлы кеңінен әңгімеледі. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, тарихи тұлғаның болашақ ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Іс-шара патриоттық рухты көтеріп, тарихи сананы жаңғыртуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkom-jetysu/press/news/details/1047983?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *