Жаңа оқу жылында оқулық тапшылығы болмайды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына қажетті оқулықтарға деген сұраныс толық қамтылды. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылына 554 286 дана оқулыққа өтінім қабылданып, бүгінде бұл мақсатта 2,0 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Нәтижесінде 11 баспа үйімен келісімшарт жасалып, кітаптарды жеткізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Оқулықтарды оқу орындарына жеткізу тамыз айының 15-іне дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, жекеменшік мектептер де оқушыларды кітаппен қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардан оқулық үшін қосымша қаражат жинауға болмайды.

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай жасау – басты бағытымыз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1046994?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version