Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Абай керуені” өз жолын Ұлт ұясы Ұлытаудан бастау алды
2025 жылдың 4 тамызында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық “Абай керуені” жобасы Ұлт ұясы — Ұлытау жерінен бастау алды.
Облыстық деңгейдегі мәдени-ағартушылық керуеннің мақсаты — Абай мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу. “Абай керуені” жобасы аясында әдеби-танымдық кештер, оқулар, шығармашылық кездесулер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Ұлытаудан басталған рухани сапар 5 тамыз күні Жаңаарқа ауданына жол тартты. Онда “Абай оқулары” аясында аудандық көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Керуен одан әрі Қаражал ,Жәйрем, Сәтбаев, Жезқазған өңірінде жалғасып, 10 тамыз – Абай күніне орай қорытындыланады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1047086?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ