
Елімізде соңғы жылдары азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған елеулі шаралар іске асырылуда. Бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Атап айтқанда, 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы. Үкімет пен жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктері арасында 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды.
Осы ретте, бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында жұмыс берушілердің жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға қатысты кездесу өткізілді.
Кездесуге департамент басшысының міндетін атқарушы Б.Досымов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық, облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы М.Боранбаева, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының облыс бойынша филиал директоры А.Иманов, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-ның облыс бойынша филиалының менеджері Б.Әшір және кәсіпкерлік палатасы жанындағы салалық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Кездесу барысында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, кәсіби сырқаттағы және өндірістегі зақымдануды болдырмау мәселелері талқыланды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1047143?lang=kk
Добавить комментарий