АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

7 тамыз 2025 жылғы №11

ШЕШІМІ

 

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезектен тыс отыз бесінші

   сессиясын шақыру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 13 тамызда сағат 11:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев

 

 

 

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2025 жылғы 13 тамызда сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 13 тамызда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Сауран ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

 

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sauran/press/news/details/1047197?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *