«Абай Quiz Battle!» зияткерлік сайыс өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории
10 тамыз – Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жыл толуына орай мекеме қызметкерлері арасында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай Quiz Battle!» зияткерлік сайыс өткізілді.
Бәйтерек ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған зияткерлік сайыс жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндетін атқарушы Аманғалиев Жәнібек Айдынғалиұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Зияткерлік сайыста төрелік еткен әдеби-танымдық «Абайтану» клубының мүшесі Утешев Малик Сисенбайұлы, Переметный ЖОББМ-нің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Жазықбаева Гүлжихан Жонисовна, Көшім ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Уразаева Дариға Зейнулловна.
Сайысқа әртүрлі сала қызметкерлерінен құралған командалар белсене атсалысты. Атап айтқанда:
• «Камен ЖОББМ» тобы,
• «Переметный ауылдық округінің әкім аппараты»,
• «Бәйтерек ауданының полиция бөлімі»,
• «Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс бөлімінің біріктірілген құрамы»,
• «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық» өкілдері.
Зияткерлік сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1. «Абайды оқы, таны»
2. «Абай сөзі – жүрекке жол»
3. «Сұрақ бейнеде – жауап сенде»
4. «Абайдың сазды әлемі»
5. «Көсем тіл – көркем»
Әр кезең арасында әншілер өнер көрсетіп, кеш шырайын келтіріп, рухани мазмұнды байыта түсті.
Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете отырып, тартысты бәсекеге түсті. Нәтижесінде өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Камен ЖОББМ» тобы жеңіс тұғырынан көрінді.
Сайыс соңында Әдеби-танымдық «Абайтану» клубының мүшесі Утешев Мәлік Сисенбайұлы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, белсенділік танытқандарға бағалы сый-сияпаттар табыс етті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1047084?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *