
Қазақ халқының маңдайына біткен ұлы перзенті,көсемсөз шебері, ұлы ақын,ағартушы Абай Құнанбаев поэзияда, музыкада, даналықта өлмес-өшпес шығармалар қалдырғаны анық.
Абай қазақ халқы үшін ұрпаққа ескірмейтін жол,адаспайтын бағдар қалдырған таңғажайып тұлға.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеу аясында еңбек пен білімге баулыған шығармаларын ұлықтау насихаттау мақсатында «Сөзін оқы және ойла» flashbook аудан орталығының кіші жастағы бүлдіршіндері,балалары мен «Мұнайшы» шағын ауданындағы ойын алаңындағы демалушыларға ұйымдастырылды.
Атаулы күнге орай ақынның өшпес мұралары жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулумен қатар олардың білімге құштарлығын арттыруға, мейірімді ,ашық-жарқын болуға,жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелейтін «Ата-анаға көз қуаныш»жинақтары, «Бес асыл іс», «Адам деген даңқым бар» өлеңдері т.б. кітаптары орта жастағы балаларға таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Іс-шара қатысушыларының назарына Абайдың жастық шағынан есейген шағына дейінгі оқырман формулярынан шығыс поэзиясы, тарихы, философияны парсы, араб төл тілдерінде және батыс философтарын, жазушылары мен ғалымдарын орыс тіліне аударылған туындыларын оқыса , ал орыс жазушылары мен сыншылардың әдебиеттерін түпнұсқа тілінде оқылған кітаптары таныстырылып, ұсынылды.
Абайдың нәрлі еңбектері мен көркемсөзі өскелең ұрпақтың санасына ақыл-парасат пен құндылықтар дарытатын тылсым сырға ие.Абай біз үшін –барлық әлем!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1047097?lang=kk
Добавить комментарий