
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай керуені» танымдық-мәдени жобасы Ұлт ұясы – Ұлытау жерінен салтанатты түрде бастау алып, өз жолын Сарыарқаның жүрегі – Жаңаарқа ауданында жалғастырды.
«Абай керуені» – бұл ұлт руханиятының жаңғыруына бағытталған, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арналған маңызды мәдени бастама. Жоба барысында өңір тұрғындары мен жастары ұлы ақынның шығармашылығымен терең танысып, оның өсиетіне сүйенген тәрбие мен білімнің маңызын қайта бағамдауға мүмкіндік алады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1047089?lang=kk
Добавить комментарий