Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ШАБДАЛЫ ӨСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
✔️Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында биыл оң өзгерістер байқалады. Өңірге арнайы келген түркиялық инвесторлар ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерделеп, жеміс-жидек шаруашылығын, соның ішінде шабдалы өсіруді дамытуға қызығушылық танытып отыр. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев шетелдік мамандарға өңірдің әлеуетін таныстырып, әріптестік орнату жолдарын талқылады.
✔️Бүгінде «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Нұржан Умаров Түркиядан 15 000 түп «Орион» сұрыпты шабдалы көшеттерін әкеліп, 12 гектар жерге отырғызды. Бұл көшеттер Келес ауданында арнайы дайындалған аумаққа отырғызылып, алғашқы ірі шабдалы бағының негізі қаланды. Жобаның келесі кезеңінде шабдалы бақтарын кеңейту жоспарланған. Бұл бағытта «Ұлы Дала» өндірістік кооперативінің төрағасы Құрманғазы Асанбаев пен Нұржан Умаров бірлесе отырып, көлемі 51,3 гектар жер учаскесіне шабдалы көшеттерін отырғызу жұмыстарын қолға алмақ.
✔️Алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер Түркия елінен сапалы көшеттер әкеліп, заманауи жеміс бақтарын құруды жалғастырады. Бұл бастама өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Келес ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрін көбейтуге жол ашады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————
ТУРКЕСТАН: В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ УСИЛЕННО ВЫРАЩИВАЮТ ПЕРСИКИ
✔️В Келесском районе в этом году наблюдаются положительные изменения в сфере сельского хозяйства. Специально прибывшие в район турецкие инвесторы заинтересованы в изучении местных природно-климатических особенностей и развитии плодово-ягодного хозяйства, в том числе выращивания персиков. Заместитель акима Келесского района Сулейман Жылкыбаев ознакомил иностранных специалистов с потенциалом района и обсудил пути партнерства.
✔️Председатель крестьянского хозяйства “Нуржан” Нуржан Умаров привез из Турции 15 тысяч саженцев персика сорта «Орион» и посадил их на 12 гектарах земли в Келесском районе. То есть здесь заложен первый крупный персиковый сад. На следующем этапе проекта планируется расширение территории персиковых садов. Для этой цели хозяйство объединит свои силы с производственным кооперативом «Ұлы Дала» (председатель Курмангазы Асанбаев). Фрукты займут площадь в 51,3 га.
✔️В ближайшее время местные предприниматели продолжат завозить качественные саженцы из Турции и создавать современные фруктовые сады. Данная инициатива позволит создать новые рабочие места в районе, повысить его экспортный потенциал и увеличить ассортимент сельхозпродукции.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1042839?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *