ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2000-ҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту ісі қарқынды. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігі тұрғын үй құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылауды қарқынды жүзеге асырып келеді.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 57 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 42-сі – кредиттік негізде, 15-і әлеуметтік бағытта бой көтереді.
Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі, «Отырар» шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлер мен «Интер» ЖШС тарапынан салынып жатқан, сондай-ақ, айналма жол бойында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Жалпы жыл соңына дейін 117 718 шаршы метрді құрайтын 37 тұрғын үй – 1982 пәтердің құрылысы толық аяқталып, қыркүйек-желтоқсан айларында «Отбасы банк» арқылы кезектегі азаматтарға заңға сәйкес кезең-кезеңімен беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ СДАДУТ ОКОЛО 2000 КВАРТИР
В Туркестанской области ведутся интенсивные работы по обеспечению населения жильем. Контроль за качеством строительства жилья ведет акимат города Туркестана.
Аким города Азимбек Пазылбекулы ознакомился с ходом строительства ряда жилых комплексов, строящихся на территории города.
Сейчас на территории областного центра строятся 57 жилых домов, из них 42 – на кредитной, 15 – на социальной основе.
Аким города ознакомился с ходом строительства жилых домов в жилом комплексе «Жибек жолы», пятиэтажных домов в микрорайоне «Отырар», многоэтажных домов, строящихся компанией «Интер», а также строящихся вдоль объездной дороги.
До конца года будет полностью завершено строительство 37 жилых домов на 1982 квартиры площадью 117 718 квадратных метров, которые будут поэтапно предоставляться гражданам в сентябре-декабре в порядке очередности через «Отбасы банк».
Добавить комментарий Отменить ответ