Бүгін, 30 шілдеде пара үстел теннисінен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирінің бірінші жарыс күні басталды.
2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына және әлем чемпионатына лицензиялық ұпай беретін айтулы бәсекеге 14 елден 140-қа жуық спортшы бас қосты.
Бес күнге жалғасатын бәсекеде 11 санат бойынша жүлделер сарапқа салынады.
«Пара үстел теннисінен ITTF World Para Challenger турнирін 2025 жылы Польша, Бразилия, Черногория, Словения, Қытай елдері қабылдады. Енді Астана қаласына кезек келді. Былтыр ITTF Fa20 Astana Para Open 2024 турнирін өткізген едік. Енді одан қарағанда деңгейі мен спортшылардың сапасы әлдеқайда жоғары жарысты ұйымдастыруға мүмкіндік алдық», – деді пара үстел теннис федерациясының бас хатшысы Ерлан Дусмаилов.
Бұл додада еліміздің атынан 39 отандасымыз бақ сынап жатыр. Олардың арасында Париж Паралимпиадасында тұңғыш рет өнер көрсеткен Әли Мақұлбеков, халықаралық турнирлердің жүлдегері Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Ерлан Қазиев, Эрекеев Талгат cынды танымал спортшыларымыз бар.
Сондай-ақ, Астана төріне Лауренс Девос (Бельгия), Абдуллах Узтурик (Түркия), Пётр Грудзень (Польша), Раиса Чебаника (АIN), Рафал Чупер (Польша), Маршал Катарзина (Польша) атты 6 Паралимпиада чемпионы,
13 Паралимпиада жүлдегері, 4 әлем чемпионатының жүлдегері келді.
Жарыстың толық жеңімпаздары 3 тамызда анықталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1042912?lang=ru
Добавить комментарий