26 шілде күні ұлтымыздың біртуар тұлғасы, әйгілі әнші және актер, сырлы сазгер, атақты ақын Иса Байзақовтың 125 жылдығы өзінің туған мекені – Павлодар облысының Ертіс ауданында өтті. Кең көлемде аталып өткен мерейтойға облыс басшылығы, Сенат және Мәжіліс депутаттары, республиканың мәдениет майталмандары, қоғам қайраткерлері, айтыс ақындары және аймақтың жұртшылығы қатысты.
Иса ақынның тойы Ертіс ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Сондай-ақ, “Байзақов биігі”, “Халықтың қасиетін жанмен ұққан”, “Дауылпаз” атты кітаптардың тұсауы кесілді.
Мәдени, ұлттық, тарихи, рухани мәні бар шарада ұлттық ойындар ойнатылып, қолөнершілердің көрмесі өтті. Сонымен қатар, қонақтар республикалық ақындар айтысы мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады.
Фотосуреттер:
В. Бугаев
К. Музалевский
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-obl/press/news/details/1043092?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ