ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 17 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы және “Заң және Тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері көпшілік орындарды абаттандыру және ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген шараны полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізді. Аталған шара қоғамдық орындарда және демалыс аймақтарында рейдтік шара жүргізуге ұласты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарға экологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын, абаттандыру ережелерін бұзуға жол бермеуді және қоқысты тек арнайы белгіленген орындарда тастау қажеттігін еске салады.
Облыс аумағында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері барлығы 17 мыңнан астам құқықбұзушылықты, оның ішінде жалпы пайдалану орындарының ластануына байланысты 13 мыңнан астам фактіні және абаттандыру ережелерін бұзудың 4,3 мыңға жуық дерегін анықтады.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды заң шеңберінде әрекет етіп, қоршаған табиғатты қорғауға және тазалық пен тәртіпке үлес қосуға шақырады. Кез – келген құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” – бұл қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жайлы орта құруға бағытталған маңызды қадам.
——————–
ПРОФИЛАКТИКА И ЭКОЛОГИЯ: ПОЛИЦИЯ УСИЛИЛА РАБОТУ В РАМКАХ АКЦИИ “ТАЗА КАЗАХСТАН”
Сотрудники полиции в Туркестанской области выявили свыше 17 тысяч правонарушений в ходе экологической акции “Таза Казахстан”. Мероприятие проходит в рамках реализации принципа “Закон и порядок” и направлено на профилактику нарушений в сфере благоустройства и охраны окружающей среды.
Совместно с представителями акиматов полицейские проводят рейды в общественных местах и зонах отдыха, ведут разъяснительную работу с населением. С начала акции зарегистрировано более 13 тысяч фактов загрязнения мест общего пользования и около 4,3 тысяч нарушений правил благоустройства.
В полиции напомнили о необходимости соблюдать экологические нормы и выбрасывать мусор только в специально отведенных местах. — Нулевая терпимость к правонарушениям — это основа безопасной и комфортной среды, — подчеркнули в департаменте полиции.
Добавить комментарий