«Қазсушардың» Түркістан филиалының екі өндірістік учаскесінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді
Түркістан облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұған дейін олар қатаң сөгіс алған болатын.
Оған аудандарда анықталған бұзушылықтар себеп болды. Атап айтқанда, Түркістан облысында күріш егу жоспары 3,3 еседен асып кеткен. Суармалы су тапшылығы қаупіне және 4000 га шегіне қарамастан, «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен 13 258 га күріш алқаптарын суаруға 1 047 келісімшарт жасасқан.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің өңірге жұмыс сапары жалғасып жатыр. Су ведомствосының басшысы Шардара ауданындағы су шаруашылығы жағдайымен танысты.
Бүгінгі таңда Қызылқұм каналы күріш, жүгері, мақта, көкөністер, жоңышқа, жүзім, бау-бақша дақылдары өсірілетін 28 366,1 га жерге су жеткізді. Вегетация кезеңі басталғалы бері канал арқылы су беруге 2 978 келісімшартқа қол қойылды.
«Министрліктің жұмыс топтары тәулік бойы кезекшілік жүргізіп, өңір каналдарындағы су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Су беру кезекпен жүргізіліп, шаруалармен түнгі суаруға көшу және егіс айналымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де судың «көлеңкелі нарығын» жою мәселесі өзекті болып қала береді. Шардара су қоймасының маңында 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды. Бұған дейін біз заңсыз су алумен тиімді күресу үшін облыстың құқық қорғау органдарымен күш біріктірдік»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ министр Шардара топтық су құбыры құрылысының барысымен танысты. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Нысанның ұзындығы – 39,28 км. Жоба аясында I және II көтергіш сорғы станцияларын салу, сондай-ақ сегіз ұңғыманы бұрғылау жоспарда бар. Қуаттылығы тәулігіне 12 мың текше метр су құбыры Шардара қаласының және жақын маңдағы 22 елді мекеннің тұрғындарын «Шардара-Байырқұм» жерасты көзінен сумен қамтамасыз етеді.
_______
Руководители двух производственных участков Туркестанского филиала «Казводхоза» временно отстранены от работы
В Туркестанской области временно отстранены от работы руководители Шардаринского и Мактааральского производственных участков местного филиала «Казводхоза». Ранее им были вынесены строгие выговоры.
Причиной стали выявленные в данных районах нарушения. В частности, план посева риса в Туркестанской области был превышен в 3,3 раза. Несмотря на риск нехватки поливной воды и лимит в 4000 га, местный филиал «Казводхоза» заключил с аграриями 1047 договоров на полив 13 258 га рисовых полей.
Продолжается рабочая поездка в регион министра водных ресурсов и ирригации Нуржана Нуржигитова. Глава водного ведомства ознакомился с водохозяйственной обстановкой в Шардаринском районе.
На сегодня Кызылкумский канал обеспечил полив 28 366,1 га земель, на которых выращиваются рис, кукуруза, хлопок, овощи, люцерна, виноград, садовые и бахчевые культуры. С начала вегетационного периода подписано 2 978 договоров на подачу воды по каналу.
«Рабочие группы министерства ведут круглосуточные дежурства и следят за уровнем воды на каналах региона. Ведется поочередная подача воды и разъяснительные работы с аграриями по поводу перехода на ночные поливы и севооборот. Актуальным остается вопрос ликвидации «черного» рынка воды. Так, вблизи Шардаринского водохранилища были выявлены 24 незаконные насосные установки. Ранее мы объединили силы с правоохранительными органами области для более эффективной борьбы с нелегальным водозабором», – сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.
Также министр ознакомился с ходом строительства Шардаринского группового водопровода. Завершить проект планируется в 2026 году. Протяженность объекта составит 39,28 км. В рамках проекта планируется строительство насосных станций I и II подъемов, а также бурение восьми скважин. Водопровод мощностью 12 тыс. кубометров в сутки будет снабжать жителей города Шардара и 22 близлежащих населенных пунктов водой из подземного источника «Шардара-Байыркум».
Добавить комментарий