
2025 жылғы 19-27 шілде аралығында Шардара қаласындағы Шардара су қоймасында тұқы балығын спорттық аулаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спорттық балықшылар командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында әділ әрі тартысты бәсекеге жол ашты.
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарға төмендегі командалар ие болды:



Жарыстың маңыздылығы арта түсіп отыр. Себебі, 2029 жылы дәл осы Шардара су қоймасы тұқы балығын спорттық аулаудан Әлем чемпионатына ресми түрде таңдалып отыр. Бұл – Шардара өңірінің табиғи әлеуеті мен спорттық инфрақұрылымының халықаралық деңгейге сай екенін айқындайды.
Сонымен қатар, жеңімпаз командаларды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, 2026 жылы Македония Республикасында өтетін Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдіреміз.
Мұндай халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстар — еліміздегі спорттық балық аулау мәдениетін дамытуға, экологиялық туризмді ілгерілетуге және өңірдің халықаралық имиджін арттыруға үлкен үлес қосады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1041263?lang=kk
Добавить комментарий