Қосшы қала мәртебесіне ие болғанына төрт жыл

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қосшы қаласы – елорда маңындағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Күні кеше ғана ауыл мәртебесінде болған Қосшы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ресми түрде қала санатына енді. Осы қысқа мерзім ішінде Қосшы айтарлықтай өзгеріп, заманауи келбетке ие болды.

Биыл Қосшы қаласының туған күні ерекше ауқыммен аталып өтуде. Тұрғындар қала мәртебесінің төрт жылдығын жаңа пәтерлермен, мәдени нысандардың ашылуымен және әлемдік рекордпен қарсы алды.

2021 жылдың 27 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшыға қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы атаулы күнге орай, биыл ұзақ жылдар бойы үйін күткен 110 үлескер тұрғын «Ынтымақ» тұрғын үй кешенінен (бұрынғы «Сиреневый сад») көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа қоныс иелерін жеке құттықтап, сертификат табыс етті.

Мерекелік күннің тағы бір айрықша сәті – әлемдік рекорд орнауы болды. Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай 307 жұп – 614 адам композитордың әуеніне вальс биледі. GLOBAL BOOK OF RECORDS өкілі бұл жетістікті ресми түрде тіркеп, рекорд сертификатын қала әкімінің орынбасарына табыстады.

Мереке қарсаңында тағы бір маңызды мәдени жаңалық – «Qosshy» ойын-сауық театрының ашылуы. Оның алғашқы қойылымы «+Қала» лирикалық комедиясы болды. Қосшының бүгінгі тыныс-тіршілігіне арналған спектакльдің авторы жазушы, драматург Бақытбек Қадыр, режисаері танымал актер әрі режиссер Жұлдызбек Жұманбай.

Аймақ басшысы қаланың дамуы мұнымен тоқтамайтынын тілге тиек етті.
«Қала күн сайын өсіп, кеңейіп келеді. Бізге тек тұрғын үй салу ғана емес, мәдени өмірді де қатар дамыту маңызды. Жақын арада 450 орындық Мәдениет үйінің құрылысы басталады», – деді Марат Ахметжанов.

Мерекелік кештің ең әсерлі сәті қала әкімі 2021 жылдың 27 шілдесінде, Қосшыға қала мәртебесі берілген күні дүниеге келген қаланың төл құрдасы Інжу есімді бүлдіршінге велосипед сыйға тартты.

📱 t.me/Aqmola_region

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1040926?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *