
Сіздерді Қосшы қаласының #4жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қосшы елді мекеніне қала мәртебесі берілді. Бұл — тарихи сәт, жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды. Содан бері бірге еңбек етіп, қаламыздың дамуына баршамыз үлес қосып келеміз.
Бүгінде Қосшы – өсіп-өркендеп келе жатқан, тұрғындары белсенді, болашағы зор қала. Алдағы уақытта да бірлік пен татулықты ту етіп, қаламызды көркейте береміз деп сенемін.
Баршаңызға амандық, денсаулық, береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1040940?lang=kk
Добавить комментарий