
2025 жылдың 23 шілде күні Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Адамның келбеті – жүрегінің айнасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараға орталықтың қызмет алушылары – зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.
Шара барысында қатысушылармен тақырыпқа сай ашық сұхбаттар, пікір алмасулар ұйымдастырылып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Тренинг соңында әрбір қатысушы өз әсері мен алған ойларымен бөлісіп, мазмұнды кері байланыс жасады.
Мұндай тренингтер қызмет алушылардың психологиялық жағдайын жақсартуға, өзін-өзі тану мен әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1040181?lang=kk

Добавить комментарий