Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНДИКАТОРЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген жол картасы бойынша 2025 жылға негізгі 10 индикаторлық көрсеткіштер жоспары бекітілген. Аталған жоспардың орындалу Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жоспарды кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
✔️Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуныша, осы салада 6 айда жалпы өнім көлемі 253,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,7 %-ды құрады. Негізгі капиталға инвестиция тарту 44,2 % орындалып, 103,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. 6 айда 82,3 млрд. теңге инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 гектарға орналастырылып, жоспар 1,4 есе артық орындалды. Егіс алқаптарына ғылыми негізде 189,8 мың тонна тыңайтқыштар енгізу жоспары 109 % орындалды немесе 206,2 мың тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Машина трактор паркін 6,5 % жаңалауды қамтамасыз ету бойынша 877 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы 2025 жылға 1649 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған.
✔️Техникаларды жаңалау үлесі 9,4 %-ға жетеді. Шардара ауданында «Батырхан ата» ЖК-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобасы жүзеге асырылды. Түлкібас ауданында «Кентау» ЖШС-нің «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы», Сайрам ауданында «Shagyr Fruit» ЖШС-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобалары жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.
✔️Жалпы АӨК даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша басқарма тарапынан ай сайынғы рейтинг бағалау жұмыстары жүргізілуде. 6 айдың қортындысымен алғашқы үштікке Түлкібас, Созақ, Отырар аудандары орналасқан. Көш соңындағы аудан, қала әкімдеріне тиісті ескерту беріліп, жұмысты ширату тапсырылды.
✔️Айта кетейік, АӨК-тің инвестициялық жобалары бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны 227,5 млрд. теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру көзделген (2252 жаңа жұмыс орны құрылады). Биылғы жартыжылдыққа 53,6 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылып, 726 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін қалған 12 жоба (69,6 млрд. теңге) жүзеге асырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
______
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ В ЧИСЛЕ ЛИДЕРОВ ПО ИСПОЛНЕНИЮ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ИНДИКАТОРОВ
✔️В рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по увеличению объема валовой продукции в сфере сельского хозяйства в два раза, согласно утвержденной Министерством сельского хозяйства по дорожной карте, утверждены 10 основных индикаторных планов показателей на 2025 год. Исполнение данного плана обсудили на совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова. Глава региона заслушал отчеты акимов районов и городов, задержавших план, и дал соответствующие поручения.
✔️По словам руководителя управления сельского хозяйства Файзуллы Байдуллаева, за шесть месяцев объем валовой продукции составил 253,9 млрд тенге, индекс физического объема составил 104,7%. Привлечение инвестиций в основной капитал перевыполнено на 44,2%. За полгода объем инвестиций составил 103,8 млрд тенге, это в 1,3 раза больше запланированного, или на 82,3 млрд тенге. Водосберегающие технологии размещены на 59 гектарах, план перевыполнен в 1,4 раза больше. План по удобрению посевных площадей на научной основе (189,8 тыс. тонн удобрений) перевыполнен на 109% – закуплено 206,2 тыс. тонн удобрений. В целях обновления 6,5% машинно-тракторного парка приобретено 877 единиц сельскохозяйственной техники. Всего на 2025 год запланировано приобретение 1649 единиц селхозтехники. В этом случае доля модернизации техники достигнет 9,4%. В Шардаринском районе реализован проект ИП «Батырхан ата» по строительству овощехранилища на 2200 тонн. До конца года в Тюлькубасском и Сайрамском районах планируется сдать овощехранилища на 2000 тонн каждое (ТОО «Кентау» и ТОО «Shagyr Fruit»).
✔️Для мониторинга исполнения показателей развития АПК управление проводит ежемесячную рейтинговую оценку. По итогам шести месяцев в тройку лидеров вошли Тюлькубасский, Созакский и Отрарский районы. Акимам отстающих районов и городов дано соответствующее предупреждение и поручение усилить работу.
✔️Отметим, согласно дорожной карте по инвестиционным проектам АПК на 2025-2027 годы, в регионе планируется реализация 60 проектов общей стоимостью 227,5 млрд тенге с созданием 2252 рабочих мест. За первое полугодие этого года реализовано 17 проектов стоимостью 53,6 млрд тенге, создано 726 рабочих мест. До конца года будут реализованы 12 проектов (69,6 млрд).
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1039679?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *