ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 227 ҚЫЛМЫС АШЫЛҒАН
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар, қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйесін жетілдіру, ауыр қылмыстардың профилактикасы, оның негізгі себептері және кәмелет жасына толмағандардың арасындағы қылмыстарды болдырмау мәселелері қаралды.
Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша Полиция департаментінің жауапты өкілдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалды. Құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан да ұсыныстар беріліп, тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
Облыста жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 286 дерек анықталып, олардың 118-і бойынша әкімшілік шара көрілді және 29 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицияның мәліметінше, жалпы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құқықбұзушылық оқиғалары төмендеген. Өңірдегі барлық аудан, қалаларда 17 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Оларға 2025 жылға жергілікті бюджеттерде 1063,4 млн. теңге қаралған. Орталықтарда жалпы 261 адам қызмет атқаруда. Мұнда зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша жатын орындар ұйымдастырылған. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша барлық аудан, қалада мобильді топтар құрылған.
Мәжілісте қоғамдық орындарда, білім ұяларында қауіпсіздікті сақтау, бейнекамералармен қамту мәселесі де қаралды. Түркістан қаласында және облыс көлемінде қоғамдық орындар мен көше, жол бойларында Жедел басқару орталығына және аудандық кезекші бөлімдерге қосылған 2 137 бейнебақылау камерасы мен 219 автоматты түрде айыппұл салатын аппараттық-бағдарламалық кешендер қызмет атқарады. Осы бейнебақылау камераларының көмегімен 2025 жылдың 6 айында 227 қылмыс тіркеліп, барлығы ашылған, 554 мың 573 құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша 7 млрд. 596 мың теңге айыппұл салынған. Қауіпсіздікті нығайту жұмыстары жалғасады.
Комиссия мүшелері ауыр қылмыстар профилактикасы, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды жою бойынша да ұсыныстарын жеткізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл жалпы тіркелген құқықбұзушылықтар саны 5,9%-ға (2 551-ден 2 400-ге), оның ішінде аса ауыр қылмыстардың саны 46,8%-ға (62-ден 33-ке), орта дәрежелі қылмыстардың саны 13,3%-ға (765-тен 663-ке) төмендеген. Дегенмен алаяқтық фактілері көбейіп барады. Полицейлер тұрғындарға алаяқтардан сақ болуды, қаржылық сауаттылықты көтеру керектігін ескертеді. Жасөспірімдер құқығын қорғау мәселесі де басты назарда тұр. Биыл облыста жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 8,2 пайызға (61-ден 56-ға, 5 дерекке) төмендеген.
Аталған бағыттағы жұмыстар жанданып, тұрақты түрде жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ С ПОМОЩЬЮ КАМЕР ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ РАСКРЫТО 227 ПРЕСТУПЛЕНИЙ
Под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова прошло очередное заседание межведомственной комиссии по профилактике правонарушений при акимате области. На повестке дня была рассмотрена работа по профилактике бытового насилия и пропаганде семейных ценностей, обеспечение безопасности в общественных местах и совершенствование системы видеонаблюдения, профилактика тяжких преступлений и их основные причины, профилактика преступлений среди несовершеннолетних.
Заслушаны отчеты ответственных представителей департамента полиции и руководителей управлений по вышеуказанным темам. Со стороны руководителей правоохранительных органов также были даны рекомендации, поручения внесены в протокол.
В области с начала года выявлено 286 фактов бытового насилия, из них 118 по административным мерам, по 29 фактам возбуждены уголовные дела, ведется досудебное расследование. По данным полиции, в целом количество случаев семейно-бытового насилия снизилось. Во всех районах и городах действуют 17 центров поддержки семей. Для их функционирования в 2025 году выделено 1063,4 млн тенге. Всего в центрах работает 261 человек. Здесь организованы временные спальни для людей с признаками насилия. Во всех районах и городах созданы мобильные группы по организации раннего выявления и поддержки лиц (семей), оказавшихся в трудной жизненной ситуации.
На совещании также был рассмотрены вопросы соблюдения безопасности в общественных местах и образовательных учреждениях, и охвата видеокамерами. В в общественных местах и вдоль дорог и улиц в Туркестане и по области функционируют 2137 камер видеонаблюдения, подключенных к центру оперативного управления и районным дежурным частям, и 219 аппаратно-программных комплексов с автоматической выпиской штрафов. Эти камеры за шесть месяцев 2025 года зарегистрировали 227 преступлений, все они раскрыты. За этот период зафиксировано 554 573 правонарушения, по которым наложены штрафы на 7 млрд 596 тысяч тенге. Работа по укреплению безопасности будет продолжена.
Члены комиссии высказали свои предложения по профилактике тяжких преступлений, предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних.
В результате принятых в этом году мер общее количество зарегистрированных правонарушений уменьшилось на 5,9% (с 2551 до 2400), в том числе особо тяжких преступлений – на 46,8% (с 62 до 33), преступлений средней степени тяжести – на 13,3% (с 765 до 663). Тем не менее количество случаев мошенничества растет. Полицейские предупреждают жителей о необходимости опасаться мошенников и повышать свою финансовую грамотность. В центре внимания также вопрос защиты прав подростков. В этом году количество преступлений с подростками снизились на 8,2% (с 61 до 56,5 факта).
Работа в данном направлении продолжится на постоянной основе.
Добавить комментарий Отменить ответ