Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР 200 МЫҢНАН АСТАМ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
✔️Биыл Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 4 жыл толып отыр. Осы кезеңде кітапхана саласын дамытуға, оқырман санын арттыруға және жаңа инновациялық бағыттарды енгізуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Төрт жыл ішінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы сан мыңдаған оқырманның жүрегіне жол тауып, білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналды.
✔️Қазіргі таңда Түркістан облысында 387 кітапхана, соның ішінде 2 облыстық кітапхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері өңір кітапханалары 200 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіп, 6 мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырды. Кітап қоры 6 миллионнан асып, 20 мыңнан астам жаңа кітаппен толықты.
✔️Кітапханаларда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы, «Ақылдыңмен – ақылдымын», «Абай оқулары», «Әл-Фараби оқулары», «Қазыналы керуен» сияқты облыстық жобалар кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, «Мархабат оқулары» халықаралық симпозиуммен қорытындыланып, кең ауқымды қолдау тапты. Бұдан бөлек, кітапханада елімізге танымал қаламгерлермен, жас таланттардың әдеби-сазды кештері ұйымдастырылды.
✔️Сонымен қатар, «Түнгі кітапхана» жобасы аясында Мұқағали мен Фаризаға, көктем мен махаббат тақырыптарына арналған поэзия кештері өтті. Табиғат аясындағы «Түн. Табиғат. Поэзия» кеші оқырмандар есінде қалды. Бұдан соң Қазығұрт ауданында Бақытжан Алдиярдың шығармашылық кеші өтіп, оған Бақыт Беделхан қонақ болды. Кітап насихатын жаңа деңгейге көтеру мақсатында «ПарақTIMES» кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда елімізге танымал қаламгерлер оқырмандармен жүздесті.
—————-
БИБЛИОТЕКИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБСЛУЖИЛИ БОЛЕЕ 200 ТЫСЯЧ ЧИТАТЕЛЕЙ
✔️В этом году Туркестанской областной универсальной научной библиотеке “Фараб” исполняется 4 года. За этот период была проделана большая работа, направленная на развитие библиотечной сферы, увеличение читательской аудитории и внедрение новых инновационных направлений. За четыре года универсальная научная библиотека “Фараб” нашла место в сердцах тысяч читателей и стала путеводителем к знаниям и культуре.
✔️В настоящее время в Туркестанской области регулярно обслуживают население 387 библиотек, в том числе 2 областных. С начала года библиотеки региона обслужили более 200 тысяч читателей и организовали более 6 тысяч культурных мероприятий. Книжный фонд превысил 6 миллионов и пополнился более чем 20 тысячами новых книг.
✔️В библиотеках активно реализуются такие областные проекты, как республиканская акция “Бір ел – бір кітап”, “Акылдыменмен – акылдымын”, “Абай оқулары”, “Аль-Фараби оқулары”, “Қазына керуен”. Кроме того, “Мархабат оқулары” были завершены международным симпозиумом и получили широкую поддержку. В библиотеке также были организованы литературно-музыкальные вечера с известными в стране писателями, молодыми талантами.
✔️А в рамках проекта “Ночная библиотека ” прошли вечера поэзии, посвященные Мукагали и Фаризе, темам весны и любви. Поэтический вечер на лоне природы “Ночь. Природа. Поэзия” запомнился читателям. После этого в Казыгуртском районе прошел творческий вечер Бакытжана Алдияра, гостем которого стал Бахыт Беделхан. В целях поднятия книжной пропаганды на новый уровень была организована книжная ярмарка “ПарақТімеѕ”, на которой известные в стране писатели встретились с читателями.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1039628?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *