Аудан әкімінің есеп беру кездесуі Төретам кентінде жалғасын тапты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің 2025 жылғы халық алдындағы есеп беру кездесуі Төретам кентінде жалғасты.

Кездесу барысында өткен жылы аудан көлемінде және Төретам кентінде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен жобалар таныстырылды.

Қазіргі таңда Төретам кентінде балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында заманауи футбол алаңының құрылысына аудандық бюджеттен 28,6 млн теңге бөлініп, жеңімпаз мердігермен келісім-шарт жасалды.

Көлік және жол инфрақұрылымы бойынша кенттегі барлық 34 көшеге тас жол төселген. Ауыз сумен қамту жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, басты мәселелердің бірі- облыстық бюджет есебінен бөлінген 528,4 млн теңге көлеміндегі қаржыға «Төретам–Ақай» бағытындағы айналма жолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталып, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жиын барысында тұрғындар кәсіпкерлік, жол инфрақұрылымы бойынша түрлі салаларға қатысты сауалдарын қойып, аудан әкімінен толық жауап алды.

Сонымен қатар, кездесу соңында аудан басшысы Төретам кентінің тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсініктеме берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1039812?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *