Облыс әкімінің қолдауымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алды. Бұл өз кезегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы болып табылады.
Байқау екі кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, яғни облыстағы аудан, қалада байқаудың аудандық кезеңін өткізу үшін арнайы комиссиялар құрылып, 1 қыркүйекке дейін құжаттар қабылданады.
Жеңімпаз ауылдар облыстық комиссияға ұсынылып, 1 қарашаға дейін «Үлгілі ауыл» жеңімпазы анықталады. Экологиялық акцияны табысты жүзеге асырған ауылдар арасынан жеңіп шыққан жүлдегерге бір әлеуметтік нысан салынады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1039325?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ