Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
2025 жылғы 23-24 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Тақырыбы: «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау».
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйелері тексеріледі, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету қабілеті пысықталады.
23 шілде күні сағат 10:00-де электрдабылдар іске қосылады. Бұл – жоспарлы жаттығу шарасы екенін ескертеміз.
Оқу-жаттығуға қатысады:
азаматтық қорғау қызметтері мен басқару органдары;
авариялық-құтқару бөлімшелері;
медициналық, коммуналдық, көлік және өзге де қызметтер.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты:
барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру;
авариялық-құтқару жұмыстарын тәжірибе жүзінде орындау;
мобильді госпитальдар мен эвакуациялық пункттерді орналастыру;
хабарландыру, эвакуация және жедел көмек көрсету жүйелерінің дайындығын тексеру.
Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды түсіністік танытуға және оқу-жаттығу барысында тыныштық сақтауға шақырады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1037981?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ