
2025 жылғы 19 күні Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға қала тұрғындары, ауыл округтері, мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер белсенді түрде атсалысты.
Сенбілік барысында ауданның қалаішілік және ауылдық округтеріндегі ішкі көшелері тазартылып, күл-қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар облыстық маңызы бар Шардара–Арыс, Шардара–Жетісай, Шардара–Абай бағытындағы күре жол бойларында да санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналаны күл-қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды.
Аудан басшылығы аталған сенбіліктің басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және тұрғындар арасында жауапкершілік пен белсенділікті арттыру екенін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан экологиясын жақсартуға септігін тигізетін болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1037401?lang=kk

Добавить комментарий