Президенттік жастар кадрі резерві

Опубликовано:

Автор:

в категории
Амангелді жалпы білім беретін мектебінде ұстаздарымен мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтегі мансаптық мүмкіндіктер, ПЖКР-ге іріктелу талаптары мен кезеңдері жайлы кеңінен ақпарат ұсынылды.
Жиынға арнайы шақырылған қонақ – аудандық мәслихат депутаты, сондай-ақ 2024 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі – Айтқожа Мұратбекұлы Әлімқұлов. Ол жастармен өз еңбек жолын, қоғамдық тәжірибесін және ПМКР-ге өту барысын шынайы мысалдармен бөлісті.
Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі тарапынан резервке ену талаптары, құжаттар топтамасы және конкурс кезеңдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдердің белсенділігі мен терең сұрақтары олардың болашаққа деген қызығушылығы мен үлкен әлеуетін көрсетті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-karasu/press/news/details/1037623?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version