ТҮРКІСТАНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті — «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университетте оңтүстік өңірлерден келген 3000-нан астам студент білім алуда. Мұнда түлектер педагогикалық, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салалары бойынша диплом ала алады. Студенттерге жатақхана, стипендия және жолақы қарастырылған. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 85%-ды құрайды» – деді Айдос Абайұлы.
Сонымен қатар, оңтүстік өңірлердің жастарын жоғарғы оқу орнында оқуға М.Қозыбаев университетінің Азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының оқытушысы Әлібек Серіков та арнайы шақырды. Қазіргі таңда аталған оқу орнында «Серпін» бағдарламасы арқылы 163 студентке грант бөлінгендігін айтты. Онда оқуға түскен жастар 100% жұмыспен қамтылып қана қоймай, шетелдерде өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында сөз алған Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің аға оқытушысы Олжас Сауытов та өз оқу орнының артықшылықтарына тоқталды. Онда ҰБТ нәтижесінде 50 баллдан жоғары жинаған түлектерге «Серпін» бағдарламасы аясында 280 грант бөлінген. Сонымен қатар, ер балалар үшін әскери шен алып шығуға да жағдай жасалған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———————
В ТУРКЕСТАНЕ НАЧАЛСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ПО ПРОГРАММЕ “СЕРПІН”
Для молодежи Туркестанской области проводится агитационная работа по программе “Серпін-2050”. Документы пройдут с 13 по 20 июля в МКТУ им.Х.А.Ясави в областном центре города Туркестан. Об этом на брифинге с представителями СМИ сообщил доктор PhD Карагандинского исследовательского университета имени Е.А.Букетова Айдос Абаев.
“Карагандинский исследовательский университет имени академика Е.А.Букетова – один из ведущих вузов страны по программе “Серпін”. В этом университете обучаются более 3000 студентов из южных регионов. Здесь выпускники могут получить дипломы в области педагогических, инженерно-технических, информационных технологий и сельского хозяйства. Студентам предоставляются общежития, стипендии и проезд на каникулы в место жительства студента. Показатель трудоустройства выпускников составляет 85%”, – сказал Айдос Абайулы.
Также молодежь южных регионов на обучение в вузе пригласил преподаватель кафедры продовольственной безопасности университета М.Козыбаева Алибек Сериков из СКО. В настоящее время в данном учебном заведении по программе “Серпін” выделены гранты 163 студентам. Молодежь, поступившая на обучение, не только на 100% занята, но и имеет возможность повысить свою квалификацию за рубежом.
Также, выступая на пресс-конференции, старший преподаватель Казахского национального университета водного хозяйства и ирригации в Таразе Олжас Сауытов отметил преимущества своего учебного заведения. В рамках программы “Серпін” выпускникам, набравшим в результате ЕНТ более 50 баллов, выделено 280 грантов. Кроме того, для мальчиков созданы условия для получения военного чина.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1036457?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ