
Түркістан облысында прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген арнайы операция аясында заңсыз снюс өндіретін тағы бір шағын зауыт анықталып, қызметі тоқтатылды
Зауыт Сайрам ауданында, аумағы 1 000 шаршы метрден астам жерде орналасқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз қызметтің толық тізбегі – шикізатты дайындаудан бастап логистика, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы өткізу арналары анықталды.
Тексеру нәтижесінде 33 млн теңгеден астам сомаға бағаланған 20 000-нан астам дайын снюс өнімі, сондай-ақ өндірісте қажетті жабдықтар, хош иістендіргіштер, қосалқы заттар мен зиянды қоспалар тәркіленді. Қазақстан Республикасының екі азаматы күдікті ретінде танылды.
Жалпы сомасы 258 млн астам теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар, 38,5 млн теңге көлеміндегі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1036964?lang=kk

Добавить комментарий