ШАРДАРА: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм және Ақшеңгелді ауылдық округтерінің бұрынғы әкімдері Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлын және Сахов Ордабай Орынбасарұлын жеке қабылдап, қызметтерін атқарған жылдардағы еңбектеріне құрмет көрсетті.
Қабылдау барысында аудан басшысы аталған әкімдердің округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріне жоғары баға беріп, атқарған нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді. Әсіресе тұрғындармен тиімді байланыс орнату, инфрақұрылымды жақсарту және ауыл өмірінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.
— Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, округтердің дамуына оң ықпал етті. Алдағы уақытта да осы бағыттағы істеріңіз жалғасын табарына сенемін, — деді Арман Қарсыбаев.
Кездесу соңында аудан әкімі өз атынан екі әкімді де Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапаттап, естелік сыйлықтар ұсынды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036899?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version