Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен жеке қабылдау өткізді. Атап айтқанда, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі болып сайланған Құдайбергенов Ерболат Ералыұлы мен Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі болып сайланған Бейсенов Сержан Зұлхарнайұлы аудан басшысының қабылдауында болды.
Кездесу барысында аудан әкімі жаңадан сайланған әкімдердің округтерді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымен танысты. Арман Қарсыбаев тұрғындармен тиімді байланыс орнату, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
– Сіздердің жұмыстарыңыз ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, округтердің тұрақты дамуына бағытталады деп сенемін. Ел игілігі жолындағы бастамаларыңыз жемісті болсын, – деді аудан әкімі.
Кездесу соңында Арман Қарсыбаев жаңадан сайланған ауыл әкімдеріне жауапты қызметтерінде сәттілік тілеп, қолдау білдіретінін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036908?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ