
2025 жылдың 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Қ. Айтымбетованың және басшы орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.А. Жақсылықтың, сонымен қатар Қызылорда облысының ішкі істер департаменті күзет қызметінің бақылау бөлімінің басшысы полиция майоры Жалғасбаев Нағашыбай қатысуымен Қызылорда облысының фармацевтикалық ұйым басшыларымен басқосу кеңесі өтті.
Кеңесте Департамент басшысы жиынды аша отырып, бірқатар дәріхана ұйымдарында рецепті бойынша босату ережелерінің және дәрілік заттарды таңбалау тәртібінің бұзылып жатқанын атап өтті. Нормативтік-құқықтық актілерде тиісті фармацевтикалық практикаларды (GxP) енгізу қажеттігі көрсетілгеніне қарамастан, дәріханалар мен дәріхана қоймаларының олардан өту пайызы өте төмен деңгейде екенін айтты.
Сонымен қатар, қағаз лицензияларды электрондық форматқа көшірудің қажеттігін, бақылау-касса машиналарымен біріктірілген техникалық құралдардың міндетті түрде болуын, дәрілік заттарды чек арқылы айналымнан шығарудың маңыздылығын және дәріхана ұйымдарының барлық қызметкерлерінде маман сертификатының болуы қажет екенін атап өтті.
Полиция майоры Жалғасбаев Нағашыбай терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында дәріхана ұйымдарына қабылдауы қажет шаралар туралы айтты.
Жиын барысында дәріханалық ұйымдар өкілдерімен проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша нақты шаралар ұсынылды, фармацевтикалық ұйым басшыларынан оңтайландыруға ұсыныстар айтылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1037245?lang=kk

Добавить комментарий